• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:38:11
Алматы
+35°

Қазақстан президенті қоғам пікірін екіге бөлген "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасына қатысты пікір білдірді.

"Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау" делінген  президенттің twitter-дегі жазбасында.

Аталған заң жобасының айналасында қоғам пікірі екіге бөлінген. Бірі оның мақұлдануына қарсы болса, екінші тарап керісінше балаларды зорлық-зомбылықтан сақтау үшін заңның қабылдануын қалайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: заң жобасы тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір