• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:00:53
Алматы
+35°

Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірі ескерілуі керек. Бұл туралы парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сенаттың жалпы отырысында айтты.

– Сессияның ашылуында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың алдында тұрған негізгі мақсаттарға тоқталып өтті. Олардың бәрі халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін бастамалар. Осыған байланысты парламент пен үкіметке маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Жарияланған реформаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Заңдар ең алдымен ұлттық мүддені қорғауға тиіс. Ал ұлттық мүдде дегеніміз – халық пен мемлекеттің мүддесі, – деді Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, парламент өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуы қажет.

– Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамды алаңдатқан мәселелер парламентте талқылануы қажет. Парламент өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуға тиіс. Сондықтан елмен етене жұмыс істеу – аса маңызды. Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек. Сенат жұмысына қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтардың өкілдерін, тиісті мамандарды кеңірек тартуымыз қажет. Мұндай қадам заң шығару жұмысының және қабылданып жатқан заңдардың тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр, – деді Мәулен Әшімбаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әшімбаев заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір