• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қараша, 05:02:10
Алматы
-4°

Төтенше жағдайдан зардап шеккен ауыл шаруашылық тауар өндірушілері жеңілдетілген несие алу арқылы мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады. Шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасы операторларының бірі – Аграрлық несие корпорациясы НК) «КазАгро» ҰБХ еншілес кәсіпорны.

Айналым қаражатын толықтыруға қол жетімді қаржыландыруды аймақтық филиалда немесе АНК-ның орталық кеңсесінде алуға болады. Ол үшін өтінішті толтырып, қажетті құжаттар пакетін жинап, кепілмен қамтамасыз ету қажет.

Несие сомасы шектеулі. Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары үшін 50 миллион теңгеден аспайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары үшін 3 миллиард теңгеге дейін. Қарыз алушы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайдың нашарлауын көрсететін арнайы критерийлердің кем дегенде біреуіне сәйкес келуі керек.

ШОБ субъектісінің қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар ретінде төмендегідей бір немесе бірнеше құжатты ұсынуға болады:

- сату жазбаларын қоса алғанда, есеп беру.

- дебиторлық берешек туралы есеп.

- қызметкерлерге ақысыз демалыс алуға өтініштер.

- төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қарыз алушының қызметін тоқтата тұру туралы ресми растау немесе басқа құжаттар.

Аграрлық несие корпорациясы осы бағдарлама бойынша агроөнеркәсіптік кешенде өндіріс пен қайта өңдеуді қаржыландырады.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір