• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:43:29
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Берік Сәлімжанұлы үкімет басшысы Асқар Маминге жер мәселесіне байланысты бірнеше сауал жолдады.

– 2016 жылы елімізде резонанс туғызған митингілерден кейін Елбасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий енгізген. Бүгінде осы мораторийдің аяқталуына санаулы уақыт қалды. Осы орайда президент Тоқаев 2019 жылдың шілдесінде үкіметтің кеңейтілген отырысында "Жер – жұмыс істейтін адамдарға берілуге тиіс. Жер – өндірістің басты факторы. Тиімділік пен ашықтық болмаса, ауылды дамыта алмаймыз" деген еді. 2021 жылы жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий аяқталады. Бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдануға тиіс. Осы 5 жыл ішінде өткір болған қоғамдық пікірталас халықтың жер мәселесі бойынша нақты көзқарасы қалыптасқанын көрсетті. Бірақ бұл елдің жерге деген пікірі әлі заңдастырылған жоқ, – деді депутат. 

Ол бұдан бұрын "Ақ жол" партиясының жер жөніндегі комиссияға ұсыныстарын жолдағанын атап өтті.

 –  "Ақ жол" партиясы үкіметтің жанындағы жер жөніндегі комиссияға шетелдік компаниялар мен азаматтарға жерді сатуға, сондай-ақ Қазақстанмен шекаралас шет мемлекеттермен олардың азаматтарына жерді жалға беруге тыйым салу туралы ұсыныстарын жолдаған еді. Алайда белгісіз себептермен комиссияның қорытынды хаттамасына бұл енгізілмей қалды. Біз Тоқаевтың жер мәселесіне қатысты ұстанымын толық қолдай отырып, мораторий мерзімінің аяқталуын ескеріп жер заңнамасына жедел түрде түзетулер енгізу қажет деп санаймыз. Үкімет жоғарыда айтылғандарды ескеріп жер кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізіп, елді алаңдатқан жер дауының шешілуіне нүкте қоюы қажет. Ұсынысымыз қабылданбаған жағдайда "Ақ жол" партиясы жер кодексіне өз тарапынан өзгерістер енгізуге дайын екенін білдіреді, – деді Берік Сәлімжанұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір