• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

28 Қазан, 14:17:22
Алматы
+11°

20 Қаңтар, 2021 Саясат

АҚШ мемхатшысы: Қытайдың ұйғыр ұлтын жою үшін жасап жатқан әрекетіне куәміз

АҚШ пен Қытай арасындағы кикілжің Трамптың биліктен кетуімен аяқталмайтыны анық. Байден командасы Қытайдың ұйғырларға жасаған геноциді үшін Бейжіңге қарсы жаңа ереже жасамақ.

Фото: dw.com

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайды ұйғырларға, оның ішінде мұсылмандарды басу үшін геноцид жасады деп айыптады.

Құқыққорғау ұйымдары Қытай соңғы бірнеше жылда миллиондаған ұйғырды ұстап, өздері "қайта тәрбилеу" деп атаған лагерге қамағанына және олардың ауыр жұмысқа жегілгеніне сенімді.

– Біз Қытайдың ұйғыр ұлтын жою үшін жасап жатқан әрекетіне куәміз. Геноцид жалғасуда, – деді Помпео сейсенбі күні.

Бұл –  оның Дональд Трамп әкімшілігіндегі соңғы күні.  

Шағым түссе де Қытайға ешқандай жаңа санкция мен айыппұл салынбады.

АҚШ-тың жаңа тағайындалған хатшысы Энтони Блинкен Майк Помпеоның айтқанымен келісетінін және Джо Байден командасы тамызда ұйғырларға Қытай үкіметі тарапынан қысым көрсетіліп отырғанына алаңдаушылығын білдіргенін еске алды.

Видеоны Синьцзяндағы лагерде отырған Мердан Жаппар түсірген. Ол видеода мұсылман ұйғырлар мен басқа да ұлт өкілдері отырған лагердің ішін, ауласын көрсетті. Лагерде Синьцзян саясаты мен тарихы айтылып жатыр. Онда Синьцзянның ешқашан шығыс Түркістан болмағаны айтылады. Ол видеоны биыл отбасына жіберген.

Қытайға қысым көрсету және Байден

Трамп әкімшілігі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Хинджанда жасаған әрекеті үшін Қытайға бұрын-соңды болмаған соққы берді. Қытайдың мұсылмандарға істеген әрекетін қатаң сынға алған Еуропа Одағы, Британия мен Аустралия да АҚШ-тан үлгі алып соққы беруі мүмкін. Бұл – Қытайдың халықаралық қысыммен бетпе-бет келетінін білдіреді. Бірақ бұл Бейжиңді тоқтата ала ма? Қытай саяси күшін нығайтып, пандемия кезінде экономикасын көтеріп және Вашингтондағы саяси хаосты пайдаланып отыр.

Қытайлық БАҚ Помпеоның айыптауларынан кейін АҚШ-ты пандемия кезінде жағдайды қалыпқа келтіре алмағандықтан америкалықтардың геноцидін жасады деп хабар таратты.

Көп елдер үшін, оның ішінде АҚШ үшін де Қытаймен экономикалық байланысты толық үзу мүмкін емес. Адам құқығы мен экономикалық пайда арасында тепетеңдікті сақтау қиынға соғуда.  

АҚШ пен Қытай арасындағы кикілжің Трамптың биліктен кетуімен аяқталмайтыны анық. Байден командасы Қытайдың ұйғырларға жасаған геноциді үшін Бейжіңге қарсы жаңа ереже жасамақ.

Синьцзяндағы жағдай

Қытай 11 миллион ұйғыр тұратын Синьцзянда "сеператизм, терроризм және экстремизм" атты үш құбыжықпен күрес жүргізіліп жатқанын айтады.

Хан атты этникалық қытайлар соңғы жылдары Синьцзянға қоныс аударып жатыр. Хан мен сеператистер арасында кикілжің  1990 жылдан бері жалғасып келеді.

Ұйғырлар Қытай мұсылмандарды шошқа етін жеу мен ішімдік ішуге мәжбүрлеу арқылы ұйғыр мәдениетін жоюды көздейтінін айтады.

Дональд Трамп командасы өткен аптада ұйғырлар тұратын Синьцзяннан келетін мақта мен қызанақ импортына тыйым салды.

Синьцзян мақта өндірісі бойынша әлемде бесінші орын алады. Қытай билігі лагерге тоғытқан адамдарды мақта өндірісіне мәжбүрлеп отыр.

BBC 2019 жылы жасаған зерттеу жұмыстары нәтижесінде Синьцзянда балаларды ата-анасынан айырып, мұсылман ортасынан алшақтатылады деп болжайды.

Ұйғыр әйелдерінің туу деңгейі де қатаң бақылауда. Қытай бұны жоққа шығарып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір