"Машан Нұрдаурен" компаниясының директоры Нұрәділ Рахметолла Қазақстан билігінен көмек сұрайды. Айтуынша, Қытай халық республикасы Шаньдун провинциясының соттары 2020 жылғы 16 қаңтарда Қытай халықаралық экономикалық төрелік соты шығарған №122 үкімді орындауға асығар емес.

Кәсіпкер қытайлық "ЯНГУАНЧЖУНТАЙ" компаниясымен құрылыс материалдарын өндіретін қондырғылар жеткізу бойынша 425 850 долларға келісімге келген. "Ақша төлегенімен, қытайлық компания бірнеше жылдан бері не қондырғыларды, не ақшаны бермей отыр" дейді. Арызданудан басқа амалы қалмаған ол жоғарыда аталған соттан өзге Линьи қалалық орта халық соты мен Бейжің қалалық төртінші орта сотында жеңіске жеткен. Алайда "сот 425 850 долларды өндіру туралы үкімді орындауда түрлі құйтырқылықтарға баруда" деп шағынады.

Меліс Сейдахметов

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетін бітірген. 2015-2019 жылдары «Президент және Халық» газетінде тілші, шеф-редактор болып істеген. 2019 жылдан бері Қамшы порталында қызмет атқарады.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір