• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:57:10
Алматы
+35°

Қазақстан ең төменгі жалақы ұсынатын рейтинг бойынша үшінші орында тұр, деп хабарлады Picodi.com.

Зерттеуге үкімет белгілеген ең төменгі жалақысы бар 56 ел қатысқан. Кейбір елдерде ең төменгі жалақыға салық салынбайды (Филиппин, Гонконг). Сондықтан зерттеу таза соманы, яғни қызметкердің қолына алатын ақшаны қарастырған.

Рейтингте соңғы сатыда көрші ел Өзбекстан жайғасқан. Ол жерде ең төменгі жалақы 57 доллар деңгейінде белгіленген. (Қазақстан Ұлттық банкінің бағамы бойынша 23 883 теңге). Оның алдында Нигерия тұр – 71 доллар (29 749 теңге). Соңынан санағанда үшінші орында 88 доллармен (36 872 теңге) Қазақстан тұр.

Ең төменгі жалақы 2241 долларды (938 979 теңге) құрайтын Люксембургтегі табыс 56 елдің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш деп бағаланған.

Рейтинг

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақстан етж

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір