• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:16:14
Алматы
+35°

Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният COVID-19 шалдыққан пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары басшыларының орынбасарлары, миокард инфарктісі және жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі Үйлестіру кеңестерінің, инсульт және онкологиялық аурулар басқармаларының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады.

– Бүгінде халық арасында КВИ ауруының өсуін ескере отырып, жергілікті жерлердегі дәрігерлер тіркелген халықты, бірінші кезекте Д-есепте тұрғандарды тексеру бойынша жұмысты жалғастыру, науқастардың денсаулық жағдайының нашарлауын дер кезінде анықтау және қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу үшін коронавируспен ауырғандарға мониторинг жүргізу қажет. Жергілікті жерлерде жұмысқа мобильді бригадаларды белсенді тарту керек. Олар өз бетінше диагноз қойып, ем тағайындауы керек, – деді вице-министр.

Кеңес барысында, сондай-ақ миокард инфарктісі және жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу, инсульт пен онкологиялық ауруларды емдеу бойынша Үйлестіру кеңестерінің жұмысы қорытындыланды.

"Аталмыш кеңестердің ұсынымдары бойынша КВИ этиологиясы мен патогенезін ескере отырып, қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерге ерекше назар аудару, пациенттерді динамикалық бақылаудан өткізуді жолға қою, науқастарды амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мамандандырылған орталықтарды материалдық және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту маңызды" делінген ведомство таратқан хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір