• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:35:58
Алматы
+35°

Нидерланды үкіметі балалар жәрдемақысын субсидиялаудың жылдар бойы дұрыс жүргізілмегені үшін жауапкершілікті мойнына алып, отставкаға кетті.

Айыптаушылар мыңдаған отбасының балалар жәрдемақыларына қатысты алаяқтық жасалғанын мәлімдеді және салдарынан үкіметтік жүйе қаржылық күйреуге ұшырағанын айтты.

Премьер-министр Марк Рютте өзінің отставкаға кетуін король Виллем-Александрға тапсырғанын айтты. Ол "Бүгін мәселе саяси жауапкершілікке қатысты болды. Егер бүкіл жүйе істен шыққан болса, біз ұжымдық жауапкершілікті алуымыз керек. Біз корольге бүкіл кабинеттің отставкасын ұсындық" деді Марк Рютте.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нидерланды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір