• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:18:02
Алматы
+35°

Ақтөбе облысында "Алан" базары жанып кетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жадайлар министрлігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат сайты хабарлады. 

16 қаңтар күні сағат 05.48-де (Ақтөбе уақыты бойынша) Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне Қандыағаш қаласы, "Жастық" мөлтек ауданы, 16 А мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Жедел жеткен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері бір қабатты "Алан" жабық базарының шамамен 700 шаршы метр аумағы жанып жатқанын анықтады. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Өрт сағат 10.25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды, – деп хабарлалы ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің 18 қызметкері мен 3 техникасы, Алға ауданынан 5 қызметкер, 1 техника, Ақтөбе қаласынан 9 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған.

– Өртті сөндіруді ұйымдастыруға басшылық ету үшін Ақтөбе облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Аманбаев және өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Қадыров оқиға орнына жетті. Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін тағы да еске салады. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз, – делінген ведомстводан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір