• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:04:50
Алматы
+35°
Tesla және SpaceX компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск соңғы сұхбаттарының бірінде қызықты ойларын жеткізді. Ол дүниежүзілік үшінші соғыстан бұрын Марста қала салып бітуді жоспарлап отырғанын, өз командасын жасақтаудағы тәсілдерін және бөгде ғаламшарлықтар туралы айтты.
 
Илон Масктың Біріккен Араб Әмірліктері болашақ және кабинет істері министрі, Дүниежүзілік үкімет саммитінің төрағасы Мохаммад Аль Гергавимен сұхбаты былай өрбіді: 
 
Мұхаммед Әл Гергави: Сіз команданы қалай жасақтайсыз? Нені негіз етесіз?
 
Илон Маск: Менің (жұмысқа алардағы) интервьюде қоятын негізгі сұрақтарым қашанда бірдей.
 
Мұхаммед Әл Гергави: Не сұрайсыз?
 
Илон Маск: Мен "маған өз өмірінде өткерген оқиғалар туралы айтып бер" деймін. Оның өмір жолында қандай шешімдер қабылдағанын және неге ол шешімдерді қабылдағанын сұраймын. "Маған сен жолыққан ең қиын проблеманы айт және оны қалай шештің?" деп сұраймын. Бұл сұрақ, меніңше, өте маңызды. Өйткені проблеманы шынымен шешкен адамдар іс жүзінде оны қалай шешу керек екенін біледі. Олар кішкене детальге дейін біледі. Ал шешкен болып көрінгісі келген адамдар бір қадам жасамауы мүмкін. Бірақ сосын олар тұтылады.
 
Мұхаммед Әл Гергави: Сіздіңше, Жер шарынан басқа жақта интелегентті тіршілік бар ма?
 
Илон Маск: Мүмкін. Физика мен философиядағы үлкен сұрақтардың бірі: Бөгде ғаламшарлықтар қайда? Мүмкін олар біздің арамызда (отыр). Біраз адамдар мені бөгде ғаламшарлық дейді. Бірақ ол шындық емес.
 
Мұхаммед Әл Гергави: Мүмкін біз бөгде ғаламшарлық шығармыз. Кейбіреулер "адамзат Жер шарыныкы емес" дейді. "Адамзат басқа бір жерден келді" дейді. "Адам ата мен хауана басқа жақтан келген" деп айтылады. Сіздіңше, біз келесі елу жылда бөгде ғаламшарлықтармен хабарласа аламыз ба?
 
Илон Маск: Бұл сауалға жауап беру өте қиын. Егер әлемде суперинтелегентті тіршілік болса, олар әлдеқашан бізді бақылап отыр. Біз тек оны сезе алатындай деңгейде ақылды емеспіз... Жарық жылдамдығынан аспай, тіпті, жарықтың 10-20 пайызындай жылдамдықпен деп есептегенде, бүкіл галактиканы бағындыруға 10 миллион жыл кетеді, мүмкін максимум 20 миллион жыл кетеді. Бұл уақыт салыстырмалы түрде түк емес.
 
Илон Маск Марс қоғамының виртуалды конвенциясында "үшінші дүниежүзілік соғыстан бұрын" Қызыл ғаламшарда қала салып үлгеру керек екенін айтты. 
 
– Меніңше, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын Марс қаласын салу өте маңызды. Бұл істер аз адамдарға немесе база құру үшін ғана жасалмауы керек. Қайта тәуелсіз қала құру керек. Мысалы, Жер шарынан ғарыш кемелері Марсқа келмей қалса, Қызыл ғаламшардағы қала өмір сүре ала ма? Әр түрлі себеп болуы мүмкін. Егер ғарыш кемелері Марсқа бармай қалған жағдайда, қалай болады? Қала құрып кете ме? Олай болса, миссия қауіпсіз емес. Сосын мынадай сауал туындайды. "Біз өзін-өзі қамтамасыз ететін Марс қаласын дүниежүзілік үшінші соғыстан бұрын салып бітеміз бе, жоқ, кейін жасаймыз ба?" Менің ойымша дүниежүзілік үшінші соғыстан кейін оны істеу ықтималдығы төмен. Сол үшін біз бұрын қала салуымыз керек. Бұл тек қауіпті жағын қарастыру. Мысалы, үлкен соғыс, ірі жанартаулар, кометаның Жерге соғылуы сияқты ықтималдықтарды қарастыру керек, – деді Илон Маск.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск сұхбат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір