• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:14:29
Алматы
+35°

Фото: Көрнекі сурет

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді. 

Асқар Маминді осы лауазымға президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.

Целиноград инженер құрылысы институтын, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушы болып бастаған. 1996–2008 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникациялар вице-министрі, индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2008 жылғы сәуірден бастап – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті. 

2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары. 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (1998), «Құрмет» орденімен (2006), екінші дәрежелі «Барыс» орденімен (2011), Әулие князь Мәскеулік Даниилдің үшінші деңгейлі орденімен (2010), Француз Республикасының Құрметті Легионы (2013) және Латвия Республикасының «Таным кресті» екінші деңгейлі орденімен (2013), Испания Корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші деңгейлі орденімен (2014) марапатталған.

Астана қаласының құрметті азаматы (2011), Құрметті теміржолшы (2012), Қазақстанның құрметті құрылысшысы (2013).



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: үкімет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір