• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:47:19
Алматы
+35°

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы лауазымына қайта сайланды.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа төрағаны жасырын дауыс беру арқылы сайлады. Депутаттар дауыс беру кезінде кандидатты қолдайтынын білдірді. Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасына 100 депутат дауыс берді. Нәтижесінде Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы лауазымына сайланды.

– Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке, Мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Ең біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан, әрқашанда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімдерін ақтау үшін мен барлық жинаған білімімді, жинаған тәжірибемді  жұмсайтын боламын, – деді Нұрлан Нығматулин.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрлан Нығматулин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір