• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:59:57
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдырахманұлы парламент мәжілісінің төрағасы лауазымына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын қолдауға шақырды.

– Нұрлан Нығматулин бұрын мәжілісті басқарып келмесе де қолдар едім. Өйткені Н. Нығматулин қалада да, министрлікте де, облыста да, партияда да, әкімшілікте де басшылық қызметте болып, өмірдің түрлі сынағынан өтті. Елбасы Н. Назарбаевтың сынана төтеп берген, қазақша айтқанда: От пен судан өткен тұлға. Оның мәжіліс төрағасы ретіндегі қызметте танытқан талапшылдығын, іскерлігін, жауаптылығын біз 6-шы шақырылым кезінде өз көзімізбен көріп, күн сайын куә болдық, – деді ол.

Депутат өз сөзінде Н.Нығматулин кез келген мәселені зерттеп, соңына дейін жеткізетінін атап айтты.

– Мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы ұсынылуы әділ әрі орынды. Мен парламентке сайланған барлық әріптестерімді, саяси партиялар фракциясының мүшелерін, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттарды Н. Нығматулиннің кандидатурасын қолдауға шақырамын, – деп сөзін түйіндеді Сауытбек Абдырахманұлы.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір