• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:49:55
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтуде. Оған сенат депутаттары, 10 қаңтарда сайланған мәжіліс депутаттары, сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Президент жаңа құрамдағы мәжіліс депутаттарына табыс тілеп, алдағы уақытта қарқынды жұмыс істеуді тапсырды.

Сайлау карантинге қарамастан белсенді өтті. Мәжіліске өту үшін кейбір партияларға аз ғана дауыс жетпеді. Бірақ олар әрқашан өзекті мәселелерді белсенді көтереді. Сондықтан, мәжіліске өтудің шекті межесін 7-ден 5%-ға дейін төмендету қажет деп санаймын, – деді президент.

Бұған дейін 10 қаңтар күні болған сайлау нәтижесі бойынша, үш саяси партия шекті межеден асып, депутаттық мандат иеленген. Сайлау нәтижесі төмендегідей болған:

Nur Otan партиясы – 71,09%;

"Ақ жол" партиясы –10,95%;

Қазақстан халық партиясы – 9,1%;

"Ауыл" партиясы – 5,29%;

ADAL партиясы – 3,57%.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Мәжіліс Сенат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір