• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:30:30
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құрамдағы мәжіліс депутаттарына табыс тілеп, алдағы уақытта қарқынды жұмыс істеуді тапсырды.

– Құрметті депутаттар! Баршаңызды сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын және жаңа құрамдағы мәжіліс депутаттарына табыс тілеймін. Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін, – деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, соңғы 5 жылға жуық уақытта парламент қабырғасында 410 заң қабылданған. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындаған.

– Бұл осыған дейінгі 5-ші шақырылым депутаттарының бастамаларын қоса алғаннан да көп. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым қарқынды жұмыс істеуі қажет. Себебі бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір