• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:32:48
Алматы
+35°
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген жаңа түзетулер туралы жазды.
 
– Бірінші, енді жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау процедурасы жүргізілмейді. Жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік берілген. Әр ЖОО оқу бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді. Сондықтан мұндай бағалау түрін жүргізудің қажеті жоқ.
 
Екінші, 2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Яғни, енді әр жоғары оқу орнында берілетін дипломдардың барлығы біркелкі болмайды. Әр оқу орны жеке брендке айналып, студенттер оқу орындарын білім беру сапасына қарай таңдайтын болады. Бұдан былай мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейді, – деді министр.
 
Оның айтуынша, енді грантпен оқыған түлектер тек мемлекеттік мекемелерде емес, жекеменшік ұйымдарда да грантты өтей алады.
 
– Үшінші, мемлекеттік грант арқылы оқуға түскен студенттердің грантты жұмыспен өтеу шарттары жеңілдетілді. Енді түлектер тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеп, гранттарын өтей алады. Басты шарт – дайындық бағыты (мамандығы) бойынша жұмыс істеуі тиіс, – деді Аймағамбетов.
 
Министр студент грантта неше жыл оқыса, сонша жылды жұмыспен өтеу керегін атап өтті.
 
– Төртінші, грант иегерін оқытуға мемлекет жұмсаған шығындарды өтеу бойынша жаңа норма енгізілді. Мәселен, студент грантта екі жыл оқып, кейін ақылы бөлімге ауысты делік. Бұл жағдайда студент қанша жыл грантта оқыса, сонша жыл грантты жұмыспен өтеуге міндетті болады. Дәл осы норма, ақылы бөлімнен грантқа ауысқан студенттерге де қатысты болады.
 
Бесінші, енді қарамағында колледждері бар жоғары оқу орындары да техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру рәсіміне қатыса алады, – деп жазды ол.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір