• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:04:15
Алматы
+35°

Демократтардың президент Дональд Трампты қызметінен кетіру процессі күш алып жатыр, өйткені кейбір республикашылар да Трампқа қарсы шыға бастады.

Өкілдер палатасындағы республикашыл Лиз Чейни өткен аптадағы АҚШ Капитолийіндегі бүлікке байланысты Трампқа импичмент жариялау үшін дауыс беретінін айтты.

Президент жақтастарының конгресс ғимаратындағы зоолық-зомбылығы үшін ешқандай жауапкершілік алған жоқ.

АҚШ президенттігіне 20 қаңтарда демократ Джо Байден келеді. Палата сәрсенбіде "Трамп көтерілісшілерді айдап салды" деп айып тағу үшін дауыс беруді жоспарлап отыр. Трамп АҚШ тарихында екі рет импичмент жарияланған тұңғыш президент болмақ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп импичмент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір