• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:03:43
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер туралы толығырақ тарқатып айтты.

– Енді студенттердің дуалды жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Бұл колледж түлектерінің жұмысқа айтарлықтай тәжірибемен орналасу мүмкіндігін арттырады. Бекітілген заңнамаға сәйкес уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы норма алынып тасталды. Енді оқу ұзақтығы нақты білім беру бағдарламасына және қажетті оқу нәтижелеріне байланысты болады, – деді ол.

Министр колледж өкілдері көтерген тағы бір мәселе шешімін тапқанын айтты.
 
– Енді колледждер ақылы негізде қызмет көрсетіп, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында дайындаған тауарларын сата алады. Мәселен, "Дәнекерлеу ісі" мамандығы бойынша оқитын студенттер практика кезінде темірден сапалы конструкциялар жасайды, жас кондитерлер керемет өнімдер пісіреді, қолөнер бағытындағы мамандықтары бойынша оқитын студенттер киізден, керамикадан, ағаштан, былғарыдан, зергерлік бұйымдардан авторлық бұйымдар дайындайды. Оқу тәжірибесі кезінде студенттер дайындаған өнімдерді сатуға рұқсат беру арқылы өндірістік оқытудың сапасын арттыруға болады.
 
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына қарасты біраз колледждер жұмыс істейді, бірақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол оқу орындары бюджет есебінен кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс ала алмайды. Жаңа түзетулерге сәйкес бұл мәселе оң шешімін тапты. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін колледждердің аккредиттеуден өтуіне қатысты талаптар алынып тасталды, – деп атап өтті Аймағамбетов.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір