• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

05 Желтоқсан, 00:55:16
Алматы
-7°

Фото: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының жанынан құрылған сайлауалды штабының қорытынды брифингі өтті. Жиынға БАҚ өкілдері қатысты.

Ауданда филиал жанынан құрылған сайлауалды қоғамдық штабы жұмыс жасауда. Штаб мүшелерінің саны 16. Барлығына тиісті атқару жұмыстары толық бөлініп берілді. Сондай-ақ әрбір БПҰ мен және жұмыс жүргізу жөнінде кураторлық жүйеде жұмыстар бөлініп берілді. Әр бір куратор желілік кесте бойынша атқарылатын іс-шараларды ұйымдастыру және үміткерлердің баруы мен іс-шаралардың өткізілуіне жауапты болып бекітілді. Бұл күнге дейін дайындық кезеңінде 31 іс-шара, оның 13 іс-шарасы онлайн негізде, мобильдік кезеңде 51 іс-шара, оның 21 онлайн негізінде, ал үгіт насихат жұмысы барысында 500 іс-шара, оның 215 онлайн форматында өтті. Жалпы осы іс-шараларға тартылған адамдар саны 30 мыңнан асты.

Сарыағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan»  партиясы депутаттығына кандидаттардың аудандық сайлауалды қоғамдық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесі жасақталып бекітілген. Кестеге сәйкес осы күнге дейін 44 кандидат қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдаулар онлайн және офлайн форматта жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы бойынша 3 телеарна (Оңтүстік, Айғақ, Сәт), 4 газет (Оңтүстік Қазақстан, Южный Казахстан, Уақыт, Сарыағаш) 8 сайтпен (Otauinfo.kz, Alashakparat.kz, Qamshy.kz, Adym.kz, Oinet.kz, Otyrar.kz, 13kzkz, Malim.kz) жұмыс жасалды. Жалпы 87 материал жоспарланып жоспарға сәйкес орындалды. Газеттердің шығу күніне сай материалдар жарияланды.

Сайттарға шыққан материалдардың барлығының сілтемелері жинақтады. Сайттар бойынша 37 материалдың –барлығы жарияланды.

Сарыағаш ауданы бойынша сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу мақсатында 60 белсенді жас өз жұмыстарын жүргізді. Белсенділердің қатысуымен семинар өткізіліп, оларға үгіт жұмыстары кезінде кемшіліктерге жол бермеу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және барлық белсенділерге имиждік өнімдер (күрдеше, қалпақ, сөмке, маска) берілді. Белсенділер «SMM» тобы, «Мониторинг» тобы, «Белсенділер» тобы  болып үш топқа бөлініп жұмыс атқарды. Белсенділер әлеуметтік желілерде және  аудан  аумағындағы қала, кент, ауылдық округтердегі елді мекендерде жоғары деңгейде жұмыстар атқарды. Аудандық желілік кестедегі іс-шаралардың барлығына белсенділер үміткерлермен бірге  қатысуда.

Сарыағаш ауданына жалпы 3 толқын бойынша 65360 үгіт қағаздары жеткізіліп, бүгінгі таңда жас белсенділер үгіт насихат жұмысының үшінші толқыны бойынша тиісті жұмыстарды  жүргізіп, өз мерзімінде аяқталатын болады.

 

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының

Сайлау қорының қаражатынан төленді

Фото: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі

Фото: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі

 Фото: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: «Nur Otan» партиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір