• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:44:22
Алматы
+35°

Қырғызстанда  өткен президент сайлауында Садыр Жапаров жеңіске жетті деп хабарлады BBC.com.

Садыр Жапаров сайлаушылар дауысының 80%-ын иеленді. Ол бұрын саясаттағы қарсыласын тұтқынға алғаны үшін түрмеде отырған. Садыр Жапаров конституцияға өзгеріс енгізу үшін жаңа президент өкілеттілігін ұзартуды жоспарлап отыр.

Қырғызстанда қазанда парламент сайлауы өткен. Сайлау нәтижесі халық арасында қызу талқыға түсіп, митингтер ұйымдастырылып, сол кездегі ел президенті Сооронбай Женишбек отставкаға кеткен.   

Садыр Жапаров жексенбі күні Бішкекте сөйлеген сөзінде жемқорлық жайламаған ашық үкімет құруға уәде берді.

– Біз бұрынғы үкіметтің қателігін қайталамаймыз. 30 жыл бойы елді жемқорлық жайлап келді. Парақорлықты жоятын уақыт келді, – деді Садыр Жапаров.

Ол Қырғызстан экономикасын 3-5 жылда қалпына келтіруге уәде берді.

Қырғызстанда соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі өскен. Жастар жұмыс табу үшін шетелге көптеп кетіп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір