• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:27:52
Алматы
+35°

Тәуелсіз бақылаушы Ғалымжан Оразымбет елде өтіп жатқан парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында тіркелген бірқатар заңсыздықтар туралы айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазуда.

– Алматыда учаскеге бақылаушыны кіргізбей қойған. ПТР-ың жарамсыз. ПТР жасауға рұқсаты бар клиникалар тізімінде сен жасаған клиника жоқ деп. Дәл қасындағы учаскеде ондай талап жоқ. Журналистер бара жатқанда кіргізді. Әлгі құжат туралы ештеңе айтылмады сосын, –  деді ол.

Сонымен қатар бақылаушы Алматы қаласындағы №386 сайлау учаскесіне "орын жоқтығын" желеу етіп бақылаушыларды кіргізбей жатқанын айтты.

Оның сөзінше, Алматы облысындағы №463 учаскеде де заңсыздықтар болған. Бір учаскеде "бір ұйымнан екі бақылаушы болмайды" деп шығарып жіберген. 

– Бір учаскелерде нұрбақылаушылар біздің бақылаушыларды фотоға түсіріп, арандатуға тырысып жатыр. Бақылаушыларды бақылайтын топ дайындап жатқандар туралы алдын білгенбіз. Енді істе көріп отырмыз. Бақылаушыларымызға өте қиын. Бір жағынан комиссия, екінші жағынан "әріптестері", – деп жазды тәуелсіз бақылаушы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір