• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 19:37:18
Алматы
-6°

Бұл туралы қалалық сайлауалды штаб басшысы Рахман Алшанов мәлімдеді.

Пандемиядан туындаған шектеулерден кейін жаппай ауқымды іс-шаралар неғұрлым нақты, жаңа форматтарға ауыстырылды. Қала тұрғындары арасында «Есіктен есікке» акциясы мен канвассинг үлкен танымалдылыққа ие болды. Мысалы, «Nur Otan» партиясынан депутаттыққа 78 кандидат тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша сайлаушылармен кездесіп, осы арқылы 300 мыңға жуық сайлау жасындағы алматылықтарды қамтыды.

Фото: Павел Михеев

Сондай-ақ, үміткерлер онлайн форматта да сайлаушыларға үгіт-насихатты жүргізді. Тікелей эфирлер мен азаматтарды қабылдауларда сайлаушылар «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен танысып, нұротандықтарға өз ұсыныс-тілектерін қалдырды.

«Nur Otan партиясы электоралды кезеңде ғана емес, күн сайын жүйелі негізде жұмыс істейді. Біз халықтың өтініштерін шешу үшін әрдайым ашықпыз. Бұл негізде біз мегаполисті дамытудың өзекті трендтеріне сәйкес келетін, алдағы 5 жылға арналған түбегейлі жаңа сайлауалды бағдарламаны әзірледік. Алматыны дамытудың он екі драйвері сайлауалды бағдарламаның негізін құрады және олардың әрқайсысының артында нақты жобалар, сандар мен іске асыру мерзімдері тұр. Сондықтан, қалған партиялар тек проблемалық мәселелерді талқылап жатқанда, «Nur Otan» оларды біртіндеп шешуге кірісуде», - деп атап өтті «Nur Otan» қалалық штабы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров.

Партия зиянды заттар шығарындыларын 3 есеге азайтып, ЖЭО-2-ні газдандыруды жоспарлап отыр. 350 шақырым автожол, 4 жол айрығы және 7,5 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы. 240 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, 19 емдеу-сауықтыру мекемелерін, 7 жаңа мектеп пен 330 балабақша салу.

Естеріңізге салсақ, депутаттыққа кандидаттар қатарында пандемиядан туындаған жұмыстың жаңа жағдайларына көшкен барлық әлеуметтік және кәсіби санаттардың жетекші өкілдерінің бірі дәрігерлер мен педагогтар, құрылысшылар мен кәсіпкерлер бар. Мысалы, Бекенова Гүлжан Мирзалиқызы - Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, медицина ғылымдарының докторы және денсаулық сақтау саласының үздігі Садықов Болат Нұрмырзаұлы, құрылысшы Набиев Әміржан Әміржанұлы, кәсіпкер Нұрымбек Тау және басқалар бар.

10 қаңтарда Nur Otan партиясына дауыс беріңіз!

«Nur Otan» партиясы Алматы қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір