• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:00:47
Алматы
+35°

Семей COVID-19-дың таралуы бойынша "сары" аймаққа енді. Бұл туралы Семей қалалық әкімдігінің ресми парақшасында хабарланды. 

Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің ақпараты бойынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 100 мың тұрғынға шаққандағы апта сайынғы аурушаңдықты және инфекцияның репродуктивті коэффициентінің (R) жиынтық индикаторын ескере отырып, Семей қаласы Ковид-19-дың таралуы тұрғысынан "сары" аймаққа енді.

Қала тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады. Гигиенаны сақтап, бетперде тағып, адамдар көп жиналатын орындарға қажет болмаса, барудың керегі жоқ екені тағы бір мәрте ескертілді.

3 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы карантин 18 қаңтарға дейін ұзартылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Семей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір