• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:58:04
Алматы
+35°

"Экологиялық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сәйкес, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап лас газ үшін және шулы глушительді қолданғаны үшін айыппұлдар 5 есеге өседі. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Осылайша, кодекстің 334-бабына енгізілген "Автокөлік құралдарын және басқа да жылжымалы көлік құралдарын шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінен (техникалық стандарттардан) асып түсу" деген өзгеріс кір лас газдар мен шулы глушительдер үшін автокөлік иелеріне алғашқы рет 10 АЕК (29 170) мөлшерінде ескерту немесе айыппұл салуды көздейді.

Жыл ішінде заң бұзушылық қайталанған жағдайда 20 АЕК (58340 теңге) айыппұл қарастырылған.

Қазіргі уақытта айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға – 2 АЕК, бірнеше рет бұзылған жағдайда – 5 АЕК-ті құрайды.

Заңды тұлғалар үшін айыппұл  – 100 АЕК (291 700 теңге), қайталанған бұзушылықтар кезінде – 200 АЕК (583 400 теңге).

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Айыппұл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір