• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:23:46
Алматы
+35°

Димаш Құдайберген Америка Құрама Штаттарында 17 қаңтар күні жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы dimashnews.com сайты  хабарлады.

Дәстүр бойынша іс-шараны "Sister Cities International" (Бауырлас қалалар ассоциациясы) ұйымы өткізеді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден ұйымның құрметті тең төрағасы атанған.

"Sister Cities International" ұйымының негізі қаланғалы және АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасы тарихында алғаш рет жаңа сайланған АҚШ президентінің инаугурациясын тойлау апталығын ашатын іс-шараға қазақстандық әнші – Димаш Құдайберген қатысады.

Пандемияға байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді" делінген ақпараттық хабарламада.

Вашингтонда орналасқан "Sister Cities International" халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған.

Сол кезден бері АҚШ президенттері Джон Ф. Кеннеди, үлкен Джордж Буш, Билл Клинтон, Барак Обама және Дональд Трамп бұл ұйымның құрметті тең төрағалары болды.

"Sister Cities International" 70 жылға жуық тарихында АҚШ қалалары және оның 130-дан аса мемлекеттегі бауырлас қалаларының өзара әрекеттесуіне байланысты көптеген іс-шараларды өткізді.

"Sister Cities International" іс-шарасынан бір күн бұрын, 16 қаңтарда Димаш Құдайбергеннің  "DIMASH DIGITAL SHOW" атты алғашқы онлайн-концерті өткізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір