• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:57:03
Алматы
+35°

01 Қаңтар, 2021 Барлық аймақтар

Аймағамбетов білім беру ұйымдарында өзгеріс енгізді

2021 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанның білім беру ұйымдарына анық бухгалтерия енгізіле бастайды.

Фото: интернеттен алынды

«Анық бухгалтерияны енгізу жобасының мақсаты білім беру саласын қаржыландырудың ашықтығын, айқындығын және тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады», – деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Бухгалтерияны, есепке алуды, кадр жұмысын және шығыстарды жоспарлауды автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Білім және ғылым министрлігі бухгалтерияны, есепке алу мен кадрларды жан басына қаржыландыру және цифрландыру тетіктерін енгізуге бастамашылық жасады. Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласының және Павлодар облысының білім беру ұйымдарында сынақтан ойдағыдай өтті. Жүргізілген пилоттық жобаның нәтижесінде елордада ғана бірнеше млрд теңге үнемделіп, білім беру ұйымдарының қаржы қызметінің жұмысы жақсарды. Бухгалтерлік және салықтық есепке алу кезінде бұзушылықтар саны едәуір қысқарды, бақыланбайтын шығыстар тәуекелі барынша азайтылды.

Жоба бізге жалақыны дұрыс есептемеу, қаржылық бұзушылықтар, жоспарлау, қаржыландыру кезіндегі субъективизм сияқты проблемаларды шешуге көмектеседі және білім беру мекемелерінің қаржылық жағдайына жедел мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

Министр түсіндіргендей, бухгалтерияның өзінен басқа бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, тарифтеу және есепке алу процестері де автоматтандырылады. Бұл жоба – білім беруге жұмсалатын қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін бақылауға жасалған тағы бір қадам.

Дереккөз: білім беру және ғылым министрлігінің блогы

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бухгалтерия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір