• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:57:22
Алматы
+35°

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы 2021 жылғы жұмыссыздық деңгейіне болжам жасады, деп хабарлады LS.

Орталық тұжырымынша, қазіргідей эпидемиологиялық ахуал сақталатын болса, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі бұрынғыша 5 пайыз деңгейінде қалады. Алайда қосымша шектеу шаралары енгізілсе, осы жылдың ІІІ тоқсанындағы 455 мың жұмыссыздан бөлек, 162 мыңнан астам адам жұмысынан айырылу қаупі туады.

"Шектеу шаралары қайталанса, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен құрылыс салаларының 90-97 пайызында бұрынғы жұмыс режимі сақталады. Білім, қаржы, сақтандыру салалары мен мемлекеттік қызметкерлердің 59-80 пайызы қашықтан қызмет түріне ауысуы мүмкін. Қызмет көрсету саласында жұмыс уақыты қысқарып, кейде жұмыстан шығару шарасы қолданылуы ықтимал. Олардың қатарына сауда, көлік және қойма қызметі, сондай-ақ қонақ үй, тамақтану қызметін көрсететіндер кіреді. Бұл салаларда қызметкерлердің 45 пайыздан 64 пайызға дейінгі бөлігі ақысыз демалысқа кетуі, ал 86 мың адам тіпті жұмыстан шығарылуы мүмкін" делінген орталық зерттеуінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір