• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:02:14
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта жастармен ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің нақты стратегиясын жасайтынын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Бір ай бұрын студенттермен кездесу кезінде министрлік жанынан Студенттік кеңес құрылатынын айтқан болатынмын. Оның құрамыда әрбір ірі ЖОО-ның студенттері арасынан бір көшбасшы және республикалық жастар ұйымынан бір көшбасшы болады. ЖОО атынан қабылданған көшбасшылар студенттік өзін-өзі басқару органдарының төрағалары болуы керек.

Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңестің отырыстарында біз жастардың бастамаларын дамытуға және студенттерді қолдауға қатысты сұрақтарды, БҒМ құзыретіне кіретін барлық мәселелерді бірге талқылайтын боламыз, – дейді министр.

Оның айтуынша, көшбасшылар маңызды мәселелерді көтеріп, бізге өз идеяларын тікелей бағыттауға мүмкіндік алады.

– Республикалық Кеңестің әр жиналысына өзім қатысамын және біз сұрақтарды талқылап, бірге шешім қабылдайтын боламыз. Белгіленген алғашқы отырыста біз жастармен танысып, болашаққа жоспарларды талқылап, жүйелі түрде өзара жұмыс жүргізуге келістік. Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңестің келесі отырысын Жаңа жылдың қаңтар айында өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз жастармен ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің нақты стратегиясын жасаймыз. Мұндай кездесулер әр тоқсан сайын өткізілетін болады, – деп атап өтті Аймағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір