• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:41:58
Алматы
+35°

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" жаңа қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес науқастарға медициналық көмек көрсету және эпидемиологиялық тексеру кезінде, науқаспен байланысқан адамдардан сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге болмайды.

Қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салынады.

Медицина ұйымдарында, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етілуге тиіс.

Қаулының толық мәтіні мына жерде.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір