• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:21:16
Алматы
+35°

27 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар

2021 жылы бір ғасыр бұрын болған аяз қайталанады

Қаңтардың басында ауа температурасы күрт төмендейді.

Фото: zen.yandex.ru

Сібірден арктикалық ауаның таралуы кезінде температура төмендейді, деп хабарлады Қазгидромет синоптиктері.

Кей өңірлерде -48-54 °C дейін төмендеуі мүмкін (1893 жылы 5 қаңтарда ел астанасында -51,6°C тіркелген). Оңтүстік аймақтарда -30-43 °C дейін (1969 ж. 29 қаңтарда Алматы М -30,1 °C) түседі.

Қаңтардың басында ауа температурасы күрт төмендейді. Мәселен, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін төмендейді.

Республиканың батысында түнде -20-27 °С, күндіз -10-20 °С болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, кей жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.

Қаңтарда Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 мм дейiн жауады.

Республиканың басым бөлігінде жауын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік пен оңтүстік аймақтарында нормадан аз болуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауа райы Қазгидромет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір