• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:15:11
Алматы
+35°

Коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылы футболдан 17 (U-17) және 20 (U-20) жасқа дейінгі әлем чемпионаты өтпейді. Бұл туралы 24.kz сайты  хабарлады.

U-17 турнирі Перуде және U-20 Индонезияда өтуі керек еді. Бірақ федерацияның шешімі бойынша бұл елдер әлем чемпионаттарын 2023 жылы қабылдайтын болды.

Қазіргі U-20 әлем чемпионы – Украина ұлттық құрамасы. Ал 17 жасқа дейінгі әлем чемпионы – Бразилия құрамасы.

Бұған дейін 2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған Англия лигасы кубогының финалдық матчы пандемияға байланысты 25 сәуірге ауыстырылған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір