• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:04:12
Алматы
+35°

Бейжің Оңтүстік-Қытай теңізіндегі даулы аймаққа екінші амфибиялық шабуыл кемесін жіберді.

"075 типті" әскери кеме соғыс ұшақтарын тасиды. Мәліметтерге сәйкес, ол Шанхайдағы Худун Чжунхуа верфінен жүзіп шыққан.

Кеме Шығыс Қытай теңізіне қарай бет алуда. "Бастапқы жоба бойынша тікұшақты тасымалдауға қабілетті және сыйымдылығы 30 000 тонна кеме қажет болған" деп хабарлады NavalNews.

Дегенмен, бұл кеменің техникалық сипаттамалары бастапқы жобадан асып түседі. Оның сыйымдылығы 36000 тонна. Оның 28 тікұшақ көтере алатыны да айтылады.

Қытай әскери күштері "075 типті" кемелердің сегізіне тапсырыс берген. Үшіншісі келесі жылдың басында жеткізілмек.

Соңғы кездер АҚШ-Қытай арасында әскери қайшылық күшейе түсті. Әсіресе Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аймаққа және Тайваньға қатысты екі алпауыт елдің шиеленістері артты.

Биыл Вашингтон Тайваньға бірқатар үкіметтік шенеуніктерді, соның ішінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Кит Крачты жіберді.

Қытай АҚШ-ты Тайваньмен "кез келген ресми қатынасты тоқтатуға" шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай-Ресей біріккен бомбалаушылары АҚШ кемелері жүрген даулы аймақтың үстінде ұшқаны жарияланған. Іле шала Жапония мен Оңтүстік Корея оларға қарсы жойғыш ұшақтарын біріктіргені хабарланды. Көп өтпей Бейжің соғыс кемесі АҚШ зымыран жойғышын өкшелей қуғаны мәлім болды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Тайвань АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір