• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:25:20
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау облыстарында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Ж.Пралиева карантиндік шектеулерге қатысты жаңа қаулы шығарды.

25 желтоқсаннан бастап супермаркеттер мен гипермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Қаулыға сәйкес 26 желтоқсаннан бастап: 

  • Орындар санын 30%-дан асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
  • Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, акциялар өткізілмейді.

Егер карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталса, кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады.

  • Мереке қарсаңында мейрамханалардың, кафелердің, барлардың, асханалардың жұмыс уақыты үлкен кезектер туындауына жол бермеу мақсатында сағат 24:00-ге дейін ұзартылады. 

Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шаралар сақталуы, үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы, әр үстелге 4-6 адамнан артық отырғызылмауы қадағалануы керек.

  • Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және тойлауға арналған  басқа да орындарда өткізуге тыйым салынды.

Карантин және шектеу шаралары бұзылған жағдайда нысандардың қызметі тоқтатылады.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгин 2020 жылғы 17 қазандағы N39 қаулысына өзгерістер енгізді.

Қаулыға сәйкес:

  • бұқаралық іс-шараларды (мәдени, ойын-сауық, конференция, семинар, форум, көрмелер сондай-ақ отбасылық іс-шаралар т.б) өткізуге тыйым салынады;
  • Сауда ойын-орталықтары және қоғамдық тамақтану орындарында адам саны 50-ден аспай, 1 келушіге 4 ш.м сақтауы тиіс;
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің тамақты жеткізу мен алып кету бойынша жұмыс істеуіне уақыт шектеуінсіз рұқсат етіледі;

Қаулы 2020 жылғы 25 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н. А. Беркімбаеваның карантин шараларына қатысты жаңа қаулысы 2020 жылдың 24 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Қаулы бойынша:

  • әлеуметтік қашықтықты, маска режимін сақтай отырып, ашық ауадағы  мұз айдындардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі;
  • өнеркәсіптік және барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік кәсіпорындардың жұмысына, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметі ішкі тәртібіне сәйкес рұқсат етіледі;
  • азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттердің қызметіне рұқсат етіледі; 
  • жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі.

Қостанай ​​облысының бас санитар дәрігері В. Нечитайло карантин талаптарына бірқатар өзгерістер енгізді.

іни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне жеке-жеке, бір адамға кемінде 4 ш.м. есебінен, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30%-дан аспайтын толтырумен және оларда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тыйым салумен, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып рұқсат беріледі" делінген қаулыда.

Осы қаулы 2020 жылдың 25 желтоқсаны сағат 00:00-ден 2021 жылдың 06 қаңтары сағат 24:00-ге дейін қолданылады.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Г.Надуев коронавирус инфекциясының алдын алу туралы қаулысына  келесідей толықтырулар мен өзгерістер енгізді:

  • конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады; 
  • Кинотеатрлар 10:00-ден 22:00-ге дейін толымдылығы 30%-дан аспай жұмыс істеуге тиіс;
  • Сауда объектілері 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі; 
  • Штатта 30-дан астам қызметкер болған жағдайда қызметкерлердің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір