• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:23:48
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласының Элмира есімді тұрғыны бұрынғы күйеуінің оны соққыға жыққанын айтып, елден көмек сұрады. Ақпарат "НеМолчи.кз" қозғалысының Instagram парақшасында жарияланды.

– Менің бұрынғы күйеуім сіңілім екеумізді ұрды кетті. Бұл 2020 жылдың 20 желтоқсанында болды. Мен үйде емес едім, сіңлім хабарласып, бұрынғы күйеуімнің келіп, подъезде шу шығарып тұрғанын айтты. Көршілердің мазасын алмау үшін ол есікті ашқан. Мен үйге кешкі сағат 20:10-да келдім, ол ұйықтап жатыр екен. Сіңлім мен балаларым оның мас екенін айтып, қолындағы шөлмегін көрсетті. Мен оны оятып, далаға шығарып жібермек болдым, анам келе жатыр деп алдадым. Бірақ есікті жауып үлгермедім, ол менің қолымнан тартып, подъезге шығарғысы келді. Сіңлім араша түсіп еді, оны балағаттап, соққының астына алды. Артынша мені ұрып, кейін тепкілеп тастады. Бірнеше секундқа есімді жоғалтып алдым. Есімді жисам балаларым жылап жатыр, бұрынғы күйеуім ас үйде сіңлімді ұрып жатыр екен. Қолында пышағы болды. Балалар шошынып, қатты жылағанда есін жиып, үйден қашып кетті, – дейді елордалық Эльмира.

Эльмира өзін соққыға жықты деген күйеуімен 11 жыл бірге тұрған, олардың 2 ұл және 1 қызы бар. 

– Біз медициналық көмекке және полицияға жүгіндік. Полиция онымен түсіндірме әңгіме жүргізді. Осы жағдайларға байланысты маған көмектесуіңізді сұраймын! Біздің заң әйелдерді тұрмыстық зомбылықтан құтқаруға дәрменсіз. Балалар мектепке баруға, тіпті аулаға шығуға қорқады. 2019 жылдың қазан айында менің экс-жолдасым басқа әйелге кетіп қалған. Ол екеуін балаларым көріп қойған. Содан кейін мен балалармен бірге психологқа жүгініп, көмек алдық. Біз ресми түрде ажырасқанбыз. Бірақ ол бізді аңдып, ұрып-соғуын тоқтатпады, – дейді ол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір