• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:07:30
Алматы
+35°

Қытайлық Alibaba компаниясы монополиялық тәжірибеге байланысты тексеріліп жатыр. Бұл туралы Қытайдың нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы бейсенбіде мәлімдеді.

Реттеушілердің ақпаратына сәйкес, Alibaba саудагерлерді бәсекелес платформаларда өнім ұсынуға мүмкіндік бермейтін эксклюзивті мәмілелерге қол қоюға мәжбүр еткен.

Соңғы кездері Қытайдың Alibaba және Tencent сияқты технологиялық алпауыттары Қытай үкіметінің жіті бақылауына алынған.

"Миллиардер Джек Ма негізін қалаған Alibaba үкіметтік бақылаушылардың репрессиясы мен қаһарына ұшырады" деп жазды BBC.

Өткен айда әлемдегі ең ірі акция болады деп күтілген "Alipay" қор нарығындағы тізімнен алынып тасталды. 

Реттеушілер ІРО нарыққа шығарылудан бірнеше күн бұрын оны бұғаттауға шешім қабылдады. Оған компанияның микрокредиттік қызметтері туралы алаңдаушылық себеп болған.

Содан бері технологиялық компанияға барлық жаңа монополияға қарсы ережелер енгізілді. Соның салдарынан Alibabaның нарықтық құны шамамен 140 млрд доллар немесе 17% төмендеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Alibaba

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір