• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:48:35
Алматы
+35°

Түркістан облысында белгісіз адамдар көліктен түсіп, телефонмен сөйлесіп тұрған ер адамға оқ жаудыра бастаған. Болған оқиға бейнебақылауға түсіп қалып, видеосы желіде тарады. 

Желі қолданушылары "90-шы жылдардағы қақтығыс сияқты" деп атау берген видеодан телефонмен сөйлесіп тұрған ер адамның жанына сұр көлік келіп тоқтап, ішінен белгісіз адамдар жүгіріп түсіп, оқ жаудыра бастағанын көруге болады.

Аталған оқиға 17 желтоқсанда Түркістан облысында болғаны анықталды.

"17 желтоқсан күні сағат 22:15-те Сарыағаш АПБ-не аудандық ауруханадан түрлі дене жарақаттары бар ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Дәрігерлер зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті. Аталған дерек Сарыағаш АПБ-нің СДТБТ-не 293-баптың 3-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркелді.

Ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол бойындағы кафелердің бірінде келушілер арасында ерегес болып, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде бұрын бірнеше рет сотталған, соның ішінде қарақшылық үшін сотталған жәбірленуші ауруханаға көмек сұрап жүгінген, ал күдіктілер автокөлікпен қашып кеткен.

Сол күні полиция күдіктілердің жеке басын анықтады. Түркістан облысының полиция департаментінде оларды ұстауға бағытталған тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел топ құрылды" делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: атыс түркістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір