• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:37:56
Алматы
+35°

Ресейдің Томск облысы Карагасок ауданында мас күйдегі әйел 12 жастағы ұлын соққыға жыққан. Аталған оқиғаны әйелдің құрбысы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. 

Карагасок ауданы прокуратурасының мәліметінше, 19 желтоқсан күні кешке Каргасок ауданының тұрғыны жас баласын мектептегі жаман мінез-құлқына байланысты ұрған. 

Видеодан баланың анасынан ұрмауын өтініп, екінші олай жасамайтынын айтып жылап жатқанын көруге болады. Бірақ әйел ұруын тоқтатпайды. Сонымен қатар, әйел алдымен баланы таяқпен ұрып, содан кейін оны тұншықтыруға тырысады. Бейнежазбаны таспалаған әйел жауыз анаға "Анжела жетер енді! Баланы жібер. Сен оны тұншықтырып жатырсың" деп айқайлайды.

"Карагасок ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен құқық бұзушылығының алдын алу туралы заңнаманың орындалуын тексеруге кірісті. Тексеру барысында, алдын алу жүйесінің уәкілетті органдары мен мекемелері жұмысының уақытылығы мен толықтығына, сондай-ақ олардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл деңгейіне баға берілетін болады" делінген прокуратура хабарламасында.

Қамқоршылық мамандары отбасыға келіп, жағдайды зерттеді. Облыстық департамент Ресей Федерациясының отбасы кодексінің 77-бабына сәйкес баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны отбасынан алып қоюға шешім қабылдады (баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, қорғаншылық және қамқоршылық органы баланы ата-анасынан дереу алуға құқылы).

Прокуратура құқық қорғау органдары бастаған процессуалдық тексеруді бақылауға алды. Қазіргі уақытта бала қауіпсіз жерде, қамқоршылық органдары оны отбасына орналастыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ресей томск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір