• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:06:33
Алматы
+35°

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасында парламент мәжілісі сайлауына қатысушы партиялар арасында өткен теледебатта Nur Otan партиясының мүшесі Айдос Сарым Nur Otan партиясы өзгергенін, сол арқылы елді өзгерткісі келетінін айтты.

Оның сөзінше, бүгінгідей пандемия кезінде, геосаясат өзгерген шақта Қазақстан қиын жағдайда тұр. "Сондықтан кез келген есті азамат елінің келешегіне алаңдаушылық білдіруге тиіс. Nur Otan партиясы өзгерді. Енді елімізді өзгертіп реформа жасағымыз келеді" деді саясаттанушы.

Партия өкілі билікті сынайтындарды елді бірлесіп реформалауға шақырды.

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасында парламент мәжілісі сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өтіп жатыр. Үміткер партия өкілдері Ұлттық арнаның «Ашық алаң»  бағдарламасы аясында тікелей эфирде 1 сағат бойы өз сайлауалды бағдарламаларын қорғап, қарсылас партиялармен ашық дискуссия құрып, сайлаушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап береді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сайлау дискуссия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір