Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру мекемелерінде жалған наградаларды сатып алуды тоқтату қажеттігін  айтты. 
 
– Сатып алатын марапат, марапат емес. Түсінемін кей уақыттарда қоғамдық әртүрлі марапаттар болады. Бірақ олар ақылы болмауы керек. Қоғамдық марапат ақылы болатын болса, оның ешқандай қасиеті, құндылығы жоқ. Біз мұндай мәселені түсіндіруіміз керек. Кей әріптестеріміз мұны түсінбей осындай жолға барып жатады. Мұндай  мәселелерді айтпасақ болмайды.
 
Барлық мектептерде өтетін ақылы конкурстар, олимпиадалар, жарыстар ақысыз болуы керек. Мектептерде мұндай конкурстар көп болуы қажет, оны көбейтеміз. Бірақ оның бәрі тек қана ақысыз өтетін болады. Егер де балалардың ата-аналары өздері қалап ақылы немесе ақысыз болғанын қаласы, ол өз еріктері. Ал, мектеп, мұғалім ұйымдастыратын ақылы жарыстар болатын болса, оған тосқауыл қоямыз. Ақысыз өткізіп жатқан олимпиада, жарыстардың бекітілген тиісті талаптары бар. Оның ішінде академиялық адалдық қағидаларын сақтауы керек. Олимпиаданы мектеп, не сынып деңгейінде өткізсек, оның тиісті қағидаларын сақтап өткізбесек, оның құны бес тиын, – деді министр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір