• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 04:30:41
Алматы
+35°

"АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден америкалықтарға COVID-19 вакцинасын еккізуге болатынын білдіру үшін Pfizer Covid-19 вакцинасының алғашқы дозасын салдырды" деп хабарлады BBC.

Джо Байден, вице-президент Майк Пенс және палатаның спикері Нэнси Пелоси сияқты көптеген саяси лидерлер Covid-19 вакцинасын салдырды.

Өткен аптада "Модерна" деп аталатын екінші түрдегі вакцина да мақұлданды.

Қазірге дейін 500 мыңнан астам америкалыққа вакцина егілгені хабарланды.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда "Трамп келесі аптада вакцина өндірушілермен кездеседі" деп хабарланған. Одан көп өтпей, Вашингтон вакцинаны шұғыл қолдануға рұқсат берді. Іле-шала COVID-19 вакцинасы дүйсенбіден бастап қолданысқа енгізілетіні жарияланды. 17 желтоқсан күні Джо Байденнің көпшілік алдында Pfizer Covid-19 вакцинасын еккізуді жоспарлағаны хабарланды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Байден вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір