• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 12:06:03
Алматы
+14°

Фото: JETISÝ MEDIA ақпарат алаңы

Қазіргі уақытта мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – сапалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 стандартымен 8 арнаулы әлеуметтік қызмет бекітілді.

«Қазан айының басында балаларға арналған екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мемлекеттік органдардың мамандары мен қоғам өкілдерінің қатысуымен мониторингтік жұмыстар жүргізілді»,- дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Айгерим Тулегенқызы.

Мониторингтік топ мүшелерінің негізгі тұжырымдары мен ұсыныстары бұл — мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған жұмысты күшейту; жеке жұмыс жоспарларын, сондай-ақ стандартқа сәйкес тоқсан сайынғы мониторингті қайта қарау; перспективалық, апта сайынғы мәзірлерді әзірлеу кезінде тәуліктік рационды және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп әзірленген нормаларды басшылыққа алу; Әлеуметтік қызмет алушылар үшін Стандартта белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі талаптарды қатаң бақылау қажет және уәкілетті орган тұрақты негізде әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге тиіс.

Қамқорлықтағыларға ең төменгі қажеттіліктермен ғана емес, әлеуметтік дамумен де қамтамасыз етілуге тиіс, ал арнаулы әлеуметтік қызметтер сапасының төмендігі оларды әлеуметтік оқшаулауға әкеп соғуы мүмкін, бұған жол беруге болмайды және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасымен қорғалады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешімді орындамау түрінде жасалған бұзушылық «әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір