• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:49:10
Алматы
+35°

Цифрлық технологияны қолдану арқылы елдің әрбір азаматының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» кешенді мемлекеттік бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында көптеген жобалар іске асуда. Олардың бірі «Ақылды Талдықорған»  жобасы.

Бұл сізге үйден шықпай-ақ, қажетті ақпаратты алуға және келесі бағыттар бойынша өтініштер жасауға мүмкіндік береді: қалалық бағыттар, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, коммерциялық қызметтер, туризм, сондай-ақ Open Taldyqorgan атты ашық әкімшілікке кезек алуға арналған.

«109 қызметі»  жобасы —  апаттық емес өтініштер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша ұсыныстарды қарастырады.

«E-KSK» — арқылы облыс орталығының тұрғындары электронды түрде тұрғын үйіңізді, шығындар сметасын, шағымдар мен хабарландыруларыңызды қадағалай аласыз.

«Smart volunteer» — еріктілердің бір-бірімен, сонымен қатар көмекке мұқтаж адамдармен қарым-қатынасы ыңғайлы болу үшін әзірленген бағдарлама.

«Fab-Lab» инновациялық зертханасы — балаларды оқытуға қажетті құралдармен жабдықталған. Бұл жоба  балаларға иллюстративті мысал арқылы, 3D  модельдерді қолдана отырып білім беруге бағытталған. Бағдарлама арқасында балалар  спорттық робототехниканы меңгере алады.

«Халықтың қатысу бюджет» — бұл ақпараттық жүйе жоспар бойынша 2021 жылдан бастап іске асырылады.  Оның басты мақсаты бюджеттегі қаражатты тиімді жұмсау және қаланы абаттандыру бойынша азаматтардың ұсыныстарын қарастыруға арналған.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақылды қалалары рейтингісі бойынша 2020 жылдың 1 жартыжылдығына сәйкес Талдықорған республиканың басқа қалалары арасында 2 орынға ие болды.

«Осы жобалар жергілікті азаматтардың уақытын ғана үнемдеп қоймай, сонымен қатар карантин талаптарын толығымен сақтауға мүмкіндік береді»,- дейді  Талдықорған қаласының ақпараттақ-талдау орталығының директоры  Жанайбек Бекбасов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір