• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 19:47:43
Алматы
-6°

Премьер-министр Асқар Мамин "Спутник V" вакцинасы бірінші кезекте кімдерге салынатынын айтты. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.

Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берді.

– Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады, –  деді Мамин.

Оның айтуынша Қазақстанда өндірілген “Спутник V”-мен жаппай вакцинация 2021 жылдың ақпан айында басталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір