• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:05:13
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Премьер-министр мемлекет басшысына елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері жайында есеп берді.

Үкімет басшысы республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бақылауда екенін, күнделікті жаңадан індетке шалдыққандардың саны 0,4 пайызға өсіп отырғанын, ел бойынша коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайызды құрайтынын айтты.

Оның айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханаларының 28 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 20 пайызында адамдар емделіп жатыр.

Қазіргі уақытта COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта, қалған өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта тұр.

Мамин 19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталатынын ескертті. Ол 3 мың ерікті азаматқа екпе егілуде екенін айтты.

– 2021 жылы наурыз айында Жамбыл облысы Қордай ауданында жылына қуаты 60 миллион мөлшерде вакцина шығаруға жететін биофармацевтикалық зауыт пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Қарағанды қаласында ресейлік "Спутник V" вакцинасын шығару өндірісін іске қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, – деп атап өтті үкімет басшысы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір