• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:24:39
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі.

Көпбаев 2019 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласы "Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты" РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.

Ақмола гарнизоны Әскери соты Көпбаевты 5 жылға бас бостандығынан,  өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сонымен бірге, сот президентке Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және "Құрмет" орденінен айыруды ұсынады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: генера көпбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір