• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:16:05
Алматы
+35°

«Nur Otan» партиясы филиалының баспасөз қызметі

"Есіктен есікке" акциясы аясында Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Динашова, Қ.Әділбеков, Н.Байғозиев, Е.Төребеков, Е.Құрбанбаев үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, сайлаушылардың ұсыныс-пікірін тыңдады.

Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында 71 елді мекеннің 36 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни 50,7%-ды құрайды.

Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 35 елді мекен, оның ішінде 4 елді мекен экономикалық жағынан тиімсіз шалғайда орналасқан. Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 480,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде ауылдық елді мекендері – 310,1 шақырым (37,2 ш.қ. немесе 12,0%-ның сумен жабдықтау желісі тозған), Сарыағаш қаласында 170,4 шақырым (56,7 ш.қ. немесе 33,2%-ның сумен жабдықтау желісі тозған). 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.

Nur Otan

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: Сарыағаш қаласының ауыз су жүйелерін қайта құруға; 2025 жылға дейін 31 ауылдың тұрғындарын кезең-кезеңімен сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге, оның ішінде:

2021 жылы Жаскешу, Атамекен, Тегісшіл, Мәдениет, Көктөбе-Телемұнара елді мекендерін;

2022 жылы Береке, Бостандық, Әлімтау, Жаңатұрмыс, Сарысу, Дербісек, Шайхана, Нұрауыл, №3 ферма, Қызыласу, Жайдаққұдық, Көктал, Жылға елді мекендерін;

2023 жылы Ақниет, Қанағат, Жонарық, Жылға, Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе, Сарқырама, Ақжар, Қабыланбек, Жаңақұрылыс елді мекендерін;

2024 жылы Шеңгелді Тасқұдық, Ақүй, Достық елді мекендерін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары 100% таза ауыз сумен қамтасасыз етіледі.

Сайлаушылар, бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын көз жеткізген тұрғындар, алда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

Nur Otan

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір