• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:48:48
Алматы
+35°

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі 41-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады. 

Головкин Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде польшалық Камил Шереметамен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде Головкин өзіне тиесілі титулдарын қорғады.

Головкин алғашқы раундтан бастап басымдықты қолына алды. Бірінші раундтың соңына қарай ол польшалық боксшыны нокдаунға түсірді. Екінші раундта да бір рет құлатты. Төртінші раундта поляк тағы да ауыр соққы алып, төреші есеп ашты. Алайда жекпе-жек 7 раундта аяқталды. Головкиннің ауыр соққысынан кейін польшалық боксшы 7-раундта нокдаунға түскен. Кейін кездесуді жалғастырудан бас тартты. 

Осылайша, Головкин 41-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 36-сын нокаутпен тәмамдап отыр. Еншісінде бір тең есеп пен бір жеңіліс бар.

Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жектен кейін орта салмақта титул қорғау бойынша рекорд орнатты. Бұған дейін америкалық Бернард Хопкинс әлем чемпионы титулын 20 рет қорғап, рекорд қойған еді. Ал Головкин бүгін титулдарын 21-рет қорғап қалды.

Польшалық боксшы болса, карьерасында алғаш рет қарсыласына жол берді. Бұған дейін Шеремета 21 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Бес рет нокаутпен жеңген болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Головкин Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір