• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Мамыр, 01:24:47
Алматы
+35°

Фото: «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қоры

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы атынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрболат Ибраев, Гүлнар Есқалиева, Бауыржан Мастеков, Гүлмира Рахметова «Шұғыла» мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты.

Тұрғындардың жағдайын сұрап, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Nur Otan» партиясы қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету барынша қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр. Соның бірі қала азық-түлік белдеуін жасау, қала маңында жылыжайлар, құс фабрикалары, балық өсіретін зауыттар құрылысын ұйымдастыру, ет комбинатын салу, бордақылау алаңдарын, сүт цехтарын құру және кеңейту жобалары. Қызылорда қаласында сыйымдылығы 2000 тонна көтерме сауда орны, құрғақ қоймасы және көкөніс сақтау орны бар көтерме тарату орталығын салуды да жоспарлап отыр. Тұрғындар игілігі үшін қосымша 20 әлеуметтік дүкен ашу да сайлауалды бағдарламада қамтылған, - деп үгіттеді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлнар Есқалиева.

Фото: «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қоры

Партия білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларда сапалы қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауды жалғастырады.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, отандық медицинаның жоғары стандарттарға сәйкес келуін және әрбір азамат денсаулық сақтаудың озық тәжірибелеріне тең қол жеткізуін қолдайды.

«Nur Otan» партиясы Оңтүстік Корея, Ресейдің жетекші клиникаларында жыл сайын кем дегенде 6 дәрігердің кәсіби біліктілігін арттыруды, Түркия, Израиль, Испанияның жетекші клиникаларында жыл сайын кемінде 6 дәрігердің тәжірибеден өтуін ұйымдастыруды  қолға алмақ. Денсаулық сақтау саласында онкологиялық орталығы бар көпсалалы аурухана, Қан орталығы, Сабалақ саяжайы мен Наурыз  ш/а дәрігерлік амбулатория құрылысы бой көтеретін болады, - деді  үміткер Нұрболат Ибраев.Үміткерлер тұрғындарға үгіт-насихат парақшаларын таратып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір