• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 11:28:53
Алматы
+12°

АҚШ вице-президенті Майк Пенс вакцинаның сенімділігін арттыру және қоғаммен байланыс жасау мақсатында жұма күні тікелей эфирде COVID-19 вакцинасын еккізетіні хабарланды.

Ақ үйдің коронавирустық жедел тобын басқарған Пенс әйелі Карен Пенспен бірге  жақында  ресми мақұлданған "Pfizer-BioNTech" вакцинасын еккізбек. 

Ақ үй сәрсенбі кеште электрондық пошта арқылы жоспарларын жариялады.

Бас әріптермен жазылған хабарда "ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ АМЕРИКАЛЫҚТАР АРАСЫНДА СЕНІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН COVID-19 ВАКЦИНАСЫН САЛҒЫЗАДЫ" деп жазылған.

– 18 желтоқсан, жұма күні вице-президент Майк Пенс пен екінші ханым Карен Пенс вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін насихаттау және америкалықтар арасында сенімділікті арттыру мақсатында COVID-19 вакцинасын көпшілік алдында еккізеді, – делінген Ақ үйдің хабарламасында.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда "Трамп келесі аптада вакцина өндірушілермен кездеседі" деп хабарланған. Одан көп өтпей, Вашингтон вакцинаны шұғыл қолдануға рұқсат берді. Іле-шала COVID-19 вакцинасы дүйсенбіден бастап қолданысқа енгізілетіні жарияланды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пенс вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір